
Фото: Polisia.kz
Есіл ауданы полиция басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ұрлық қылмысына күдікті ретінде 21 жастағы жігітті ұстаған. Тергеу барысында анықталғандай, зейнеткерден әуелі қарызға ақша сұрап, кейіннен оның зейнетақысы мол мөлшерде жиналғанын білген жас жігіт мүмкіндігі шектеулі әжейдің банк қосымшасын өзіне жүктеп, зейнетақысын алып отырған.
Polisia.kz ақпаратынша күдіктінің жәбірленушіге келтірген шығыны шамамен - 5,5 млн теңгені құрайды екен, күдікті сол ақшаны түгел жұмсап жіберген.
Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп және осыған ұқсас басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы да анықталып жатыр.