Оқиға • 04 Ақпан, 2025

Елімізде дабыл белгісі қосылады

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Төтенше жағдайлар министрлігі 6-7 ақпан күндері еліміздің оңтүстігі мен батысында су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстарын пысықтамақ, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде дабыл белгісі қосылады

Фото: ua.depositphotos.com

Министрлік жоспарына сай «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың 1-ші кезеңі өтеді. 

Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Атырауда орналасады.

Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы Алматы, Шымкент қалаларында, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан және Жетісу облыстарында профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылады. 

Шара аясында аймақтардағы дыбыстық дабыл белгілері де тексеріледі. Тексеру жұмысы 6 - ақпан сағат 11: 00-ге жоспарланған. Осыған орай министрлік тұрғындарды үрейге бой алдырмауға шақырып отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35