Жемқорлық • 06 Ақпан, 2025

Пара алып ұсталған Оралдың бас сәулетшісі неше жылға сотталды?

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қалалық сотында Орал қалалық сәулет бөлімінің экс-басшысы 33 жастағы Мұратбек Тәшенбаевқа қатысты сот процесі аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пара алып ұсталған Оралдың бас сәулетшісі неше жылға сотталды?

Шенеунікке пара алды және қызмет бабын асыра пайдаланды деген айып тағылды. Онымен бірге 27 жастағы Нұрсұлтан Ғатау да күдіктілер қатарында. Ол - бөлімнің бас маманы. Қылмыстық іс бойынша үшінші айыпталушы 41 жастағы Асылжан Көпбаев пара берді деп айыпталды.

Олардың қылмыстық әрекеттері салдарынан мемлекетке 92 миллион теңгеге жуық сомаға аса ірі көлемде зиян келтірілген.

Сот үкімімен Мұратбек Тәшенбаев өзіне тағылған айыптар бойынша кінәлі деп танылды. Ол 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, сот оған өмір бойына қандай да бір мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге тыйым салды. Тәшенбаев сот залында қамауға алынды. Ол бұрын үйқамақта болған. Енді бұрынғы бас сәулетші жазасын қауіпсіздігі орташа түзеу мекемесінде өтейтін болады.

Нұрсұлтан Ғатау пара алғаны және лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін де кінәлі деп танылды. Оған 3 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Елден шықпау туралы қолхаты қамауда ұстауға ауыстырылды. Ғатау сот залында қамауға алынды.

Сот Асылжан Көпбаевты пара бергені үшін кінәлі деп танып, оны жеті жылға бас бостандығынан айырды. Ол бұрын кепіл сомасын төлеп, бостандықта жүрген. Алайда, Көпбаев та сот үкімі бойынша сот залында қамауға алды.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03