Оқиға • 06 Ақпан, 2025

Шетелден сәлемдеме алған алматылықтың үстінен іс қозғалды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының 30 жастағы тұрғынына арналған сәлемдемеден есірткі табылған. Қалалық полиция қылмыстық сәлемдемені МКД әріптестері мен поштаның қауіпсіздік қызметі қызметкерлерінің көмегімен анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz.



Шетелден сәлемдеме алған алматылықтың үстінен іс қозғалды

Фото: Polisia.kz.

ІІМ мәліметінше, жергілікті тұрғынға  АҚШ-тан марихуана мен есірткісі бар мармелад салынған сәлемдеме келген. Сонымен қатар күдіктінің тұрғылықты жерін тінту барысында жасыл түсті, ерекше иісі бар, өсімдік тектес зат салынған 27 қаптама табылып, тәркіленген.

«Сот-химиялық сараптама тағайындалды. Жедел іс-шаралар барысында күдіктінің қылмыстық сәлемдемені қандай мақсатпен алғаны және қаламызды есірткімен қамтамасыз ету арнасы анықталатын болады. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады», делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысының тұрғыны Telegram мессенджерін пайдаланып, Тайландтан есірткіге тапсырыс бергені үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылған еді.