
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ мәліметінше бүгін түнде техникалық қызмет көрсету станциясының бірінде өрт шығып, салдарынан оның 2 боксы ашық жалынмен өртенген. Күштер мен құралдарды шұғыл арттыру нәтижесінде жедел штаб іргелес бокстарға өрттің таралу қаупін жойған. Жеке құрамнан 40 қызметкер және 15 техника жұмылдырылып, 250 шаршы метр алаңды шарпыған өрт сөндірілді.
«Өрттен 1 шағын автобус пен 1 жүк көлігі зақымданды. 1986 жылы туған жалға алушыны күйік шалып, ол ауруханаға жатқызылды», делінген хабарламада.