
Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
«Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында экономикалық өсуді қамтамасыз етуде аграрлық сектор ерекше орын алатынын атап көрсетті. Экспортқа шығатын және нарықта сұраныс жоғары, көбірек табыс әкелетін дақылдардың алқаптарын кеңейтуге басымдық беру қажет», деді Олжас Бектенов.
«Мемлекет егіс науқанын ойдағыдай өткізу үшін қажетті шаралардың барлығын қабылдады. Жұмыстарды нәтижелі әрі ұйымдасқан түрде жүзеге асыруымыз қажет. Ауыл шаруашылығы министрлігі жеңілдетілген несиені тиімділігі мен жауапкершілігі жоғары диқандарды қолдауға ғана беруі керек. Егіншілерді сапалы және тексеруден өткен тұқым қорымен қамтамасыз ету маңызды. Ол үшін бірінші кезекте, отандық өндірушілерді ынталандыру қажет», деп атап өтті Премьер-министр.
Ауыл шаруашылығы министрлігіне аталған мәселені сапалы үйлестіруді қамтамасыз ету тапсырылды.