Жұмысшы мамандықтар жылы • 12 Ақпан, 2025

Өндірістік көрмені бір күнде 10 мың адам тамашалаған

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Жұмысшы мамандықтар қаласы» фестиваліндегі өндірістік көрмелер 15 бағытты қамтиды. Фестивальдің бірінші күні-ақ оған 200-ден астам жұмысшы мамандықтарының өкілі қатысып, 10 мыңға жуық адам тамашалаған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өндірістік көрмені бір күнде 10 мың адам тамашалаған

Фотолар: Oqu-agartu ministrligi

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше фестивальге келушілер техникалық білім беру саласындағы жаңа технологиялармен, оқу бағдарламаларымен танысып, отандық колледждер ұсынатын жаңа және сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат алды, сондай-ақ әлеуетті жұмыс берушілермен кездесті. Әсіресе жоғары сынып оқушылары ерекше қызығушылық танытып, көрмені белсенді түрде аралады, жұмысшы мамандықтары бойынша мансаптық перспективаларды талқылады. Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше фестивальге келушілер техникалық білім беру саласындағы жаңа технологиялармен, оқу бағдарламаларымен танысып, отандық колледждер ұсынатын жаңа және сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат алды, сондай-ақ әлеуетті жұмыс берушілермен кездесті. Әсіресе жоғары сынып оқушылары ерекше қызығушылық танытып, көрмені белсенді түрде аралады, жұмысшы мамандықтары бойынша мансаптық перспективаларды талқылады.

gov.kz

Фестиваль кәсіби білім беру жүйесі мен бизнес арасындағы ынтымақтастықтың көрінісіне айналған. Өндірістік көрмелер экономика үшін стратегиялық маңызы бар 15 бағытты қамтиды: машина жасау, ақпараттық технологиялар, құрылыс, агроөнеркәсіп кешені, энергетика, көлік және ел экономикасының болашағын айқындайтын басқа да салалар.

Мұндағы әрбір көрме нарық талаптарына бейімделген жаңа технологиялар, жабдықтар және білім беру бағдарламалары бойынша жетекші кәсіпорындар мен кәсіптік білім беру ұйымдарымен ұсынылған.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35