Мәдениет • 12 Ақпан, 2025

ЖИ салған картиналардың көрмесі өтпек

142 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Christie’s аукцион үйі жасанды интеллект көмегімен жасалған картиналар көрме-аукционын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

ЖИ салған картиналардың көрмесі өтпек

Фото: ашық дереккөз

Бәссауда Нью-Йоркте 20 ақпанға жоспарланған. Онда барлығы 20 лот ұйымдастырылады.

Негізгі экспонат суреттерді нақты уақыт режімінде сала алатын робот болады. Бірақ бұл іс-шара дәстүрлі суретшілердің наразылығын тудырып отыр. Олар аукционды болдырмауды талап етті.

Қылқалам шеберлері нейрожелі өзгенің өнер туындыларын рұқсатсыз пайдалануды үйреніп, авторлық құқықты бұзатынын алға тартып отыр.