Жұмысшы мамандықтар жылы • 19 Ақпан, 2025

Жұмысшының қолдаушысы – кәсіподақ

77 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Санының көптігі жағынан елдегі ең үлкен қоғамдық ұйым – кәсіподақтар федерациясы. Биыл кеңес одағының кәсіподақ қозғалысына 120 жыл, еліміздегі кәсіподаққа 35 жыл толғалы отыр. Кәсіподақтар жұмысты атқарушының құқын қорғайды, олардың заңға сәйкес әлеуметтік қорғалуын қадағалайды, жұмыс кестесінің сақталуын назарда ұстайды.

Жұмысшының қолдаушысы – кәсіподақ

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Биылғы Жұмысшы маман­дық­тары жылы кәсіподақтар жұмысы­ның белсенділігі арта түсетіні сөзсіз. «Солтүстік Қазақстан облысының кәсіподақ орталығы» ау­мақ­тық кәсіп­одақтар бірлестігінің төрағасы Ерік Нұрақаевтың айтуынша, атаулы жыл жұмысшы мамандықтарына назар ауда­рудағы маңызды қадам болып отыр.

«Қоғамда осы күнге дейін халық балаларына жоғары білім беруге тырысып бақты. Баланың ой еңбегіне деген қабілеті ескерілмей қалды. Сондықтан да мамандықты игере алмайтын сапасыз дәрігерлер, мұғалімдер, заң­гер­лер мен экономистер қатары кө­бейді. Жұмысшы мамандығын игеруге тиісті азаматтар көзге ілінбеді. Бұл экономиканың нақты секторында өндірістің сапа­сын түсірді. Енді осы олқылықты еңсеру ұсыны­лып отыр. Жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыру, беделін көтеруге баса мән берілмекші. Бұл өте дұрыс шешім. Облыстық білім басқар­масы мен облыстық кәсіподақ комитеті жұмысшы мамандықтарын дайындау жөнінде жылдық шаралар жоспарын жасады. Соның ішінде облыстағы жұмысшы мамандықтарын дайындайтын 24 колледждің алдына жаңа міндеттер қойылды», деді ол.

Былтыр Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі, жұмыс берушілер бірлестік­тері, өңірлік кәсіподақтар бірлестігі арасында 2024–2026 жылдарға арналған үшжақты келісім жасалды. Құжатта нақ­ты сектордағы жалақыны инфляция дең­гейіне сәйкес міндетті түрде индекстеу, өндірістік кеңестер мен еңбек қауіпсіздігі инспекторлары­ның қызметін жетілдіру, техникалық инспекторларға қатысты қосымша ынталандыру шараларын енгізу сынды міндеттемелер бекітілді.

Қазір Солтүстік Қазақстан облысында 6 286 ұжымдық келісімшарт жасалған, бұл кәсіпорындардың 93,6%-ын қамтиды. Кәсіподақ ұйымдары бар мекемелерде ұжымдық шарттар бар­лық 1265 кәсіпорында жасалып, 100% орындалды. Кәсіподақ мүшелерінің белсенділігінің арқасында жаңадан 9 бастауыш кәсіподақ ұйымы құрылып, оған 419 мүше бірік­ті­рілді. Жаңа ұйым­дар денсаулық сақтау, бі­лім беру, мем­лекеттік мекемелер, ауыл шаруа­шы­лығы, мәдениет, спорт сала­ла­рының салалық кәсіподақтарына кірді.

Кәсіподақ ұйымдары көктемгі су тасқынының зардаптарын жоюға белсенді араласып, дамбалар н­ы­ғайту, тасқынға қарсы жұмыстарға қа­тысушыларға тамақ ұйымдастырды. Зардап шеккен 793 кәсіп­одақ мүшесіне ­53 миллион теңгеден астам гума­ни­тарлық көмек көрсетілді.

«Туған жер» экологиялық жобасын іске асыру жалғасуда, оның аясында Кәсіп­одақ қозғалысы ардагерлерінің аллея­­сына 110 сібір шыршасы отыр­ғы­зыл­ды.

Бүгінде Жұмысшы мамандықтары жылына арналған іс-шаралар жоспарларын тиімді өткізуге дайындықтар жасалып жатыр. Ерекше назар кәсіби шеберлік байқауларына, жұмысшы мамандықтарын меңгеріп жатқан жас­тардың слеттеріне, жас мамандарды оқы­туға аударылады. Үздік жұмысшы мамандарды дәріптеу, оларды ынталандыру шаралары да назардан тыс қалмайды. Жұмысшы мамандығының беделін арттыру мақсатындағы үздік шараларға арналған байқаулар да өткізіледі.

 

Солтүстік Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Кеше

Жезді жәдігерлері

Көрме • Кеше

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Кеше

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Кеше

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Кеше

Аңдатпа

Аңдатпа • Кеше