Алматы • 20 Ақпан, 2025

Салықтан жалтарған блогерлер жауапқа тартылады - Жеңіс Елемесов

95 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) ақпараты бойынша өз кірістерін 53,3 млрд теңгеге төмендеткен блогерлерге қатысты пікірін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Салықтан жалтарған блогерлер жауапқа тартылады - Жеңіс Елемесов

Фото: zhalagash-zharshysy.kz

«Өте үлкен сомалар аталды. Мәселе, АФМ құқық қорғау органы болып табылатын экономикалық тергеу қызметінің құрамына кіреді. Және біз қылмыстық істі уәкілетті орган тиісті тексеру жүргізіп, актіні немесе қорытындыны ұсынғаннан кейін ғана тіркей аламыз, онда мемлекетке салықты төлемеу түріндегі залалдың нақты сомасы анықталады», деп мәлімдеді Жеңіс Елемесов.

АФМ төрағасының орынбасарының айтуынша, ведомство салық органдары тексеруді аяқтамайынша және залалдың нақты мөлшерін анықтамайынша, қылмыстық істерді өз бетінше қозғай алмайды.

«Егер нақты блогерге қатысты мемлекетке келтірілген залал сомасы бүгінгі қылмыстық заңнамада көзделген нормалардан асып кетсе, онда қылмыстық іс тіркелетін болады. Егер бұл шектен асып кетпесе, онда оларды Мемлекеттік кірістер комитеті әкімшілік жауапкершілікке тартады»,  деп қосты Жеңіс Елемесов.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан блогерлері миллиардтаған теңгеге берешек туралы жаппай салық хабарламаларын алған болатын. МКК мәліметінше, 594 адам өз табысын 53,3 млрд теңгеге төмендетіп көрсеткен.

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03