Қоғам • 20 Ақпан, 2025

Балықшылар бәсекесі

51 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облыстық балық аулау федерациясы Қонаев қаласы әкімдігімен бірлесіп, Қапшағай суқоймасында балық аулаудан ашық біріншілік ұйымдастырды.

Балықшылар бәсекесі

Жарысқа Алматы облысының бірнеше өңірінен, Алматы, Қонаев қалаларынан кәсіби балықшылар қатысты. Барлығы 15 команда (әрқайсысы 3 адамнан) жеке және коман­далық есеп бойынша өзара сынға түсті. Бірін­шілік 5 сағатқа созылды. Нәтижесінде, ең үлкен балық аулаған балықшы Е.Кембаев «Big Fish» ЖШС-ның арнайы жүлдесін же­ңіп алды. Коман­далық есепте «Қонаев-3» командасы 3-орынды, «Наутилус» командасы 2-орынды, «Feeder.kz» командасы 1-орынды қанжығасына байлады.

«Федерацияның құрылғанына бір жылдан енді асты. Осы уақыт ішінде мүшелер саны айтарлықтай артты. Жылына 6-7 рет балық аулау жарысын ұйым­дастырып отырамыз. Бұл жолы қолдау көрсет­кен Қонаев қаласы әкімдігіне алғыс білдіреміз», деді федерация басшысының орынбасары Дамир Сергібаев.

Жарыс барысында барлық қауіпсіздік талаптары сақталды, мұздың қалыңдығы 70 см болды. Айта кетерлігі, балықшылар демалыстан кейін суқоймасының үстіндегі қоқыстарды жинап кетуге міндетті. Табиғатқа жанашырлық әр демалушының жауапкершілігінен басталады. Қоршаған ортаны ластағанға әкімшілік жаза қарастырылғанын әрдайым есте ұстаған жөн.

 

Алматы облысы

 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03