Аймақтар • 24 Ақпан, 2025

Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«ҚазАвтожол» компаниясы қолайсыз ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды

Фото: azattyq-ruhy.kz

Шектеу Қостанай, Ақмола облысындағы бірнеше республикалық маңызы бар жолға сағат 12: 30-дан бастап енгізілді. 

Қостанай облысындағы «Қостанай - Әулиекөл - Сұрған» автожолының 8-232 шақырым аралығы, яғни Тобыл қаласы - Ақмола облысының шекарасына дейінгі жол жабық. 

Ақмола облысында «Қостанай - Әулиекөл - Сұрған» автожолының 232-260 шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасы - Сұрған ауылы) көлік қозғалысы шектеліп отыр.
Сондай-ақ, осы өңірдегі «Жақсы - Есіл - Бұзылық» автожолының 71-82 шақырым аралығы (Ақсау ауылы - Бұзылық ауылы), «Жезқазған - Петропавл» автожолының 536-553 шақырым аралығы (Бұзылық ауылы - Сұрған ауылы) барлық көлік түрі үшін жабық.
«ҚазАвтожол» мәліметінше, жол учаскелерін 24 ақпан сағат 20:00-де ашу жоспарланып отыр. Бұған дейін Жетісу облысында жол жабылғанын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35