
Фото: dknews.kz
Нұрсұлтан Махатов ұлттық жасанды интеллект платформасында бес жобаны жүзеге асыру жоспарланып отырғанын атап өтті.
«Жасанды интеллект саласындағы жобаларға келетін болсақ, Ғылым және жоғары білім министрлігі Цифрландыру министрлігімен бірге ұлттық ЖИ платформасында бес жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отыр. Олардың ішінде 2025 жылы ҰБТ өткізуге байланысты нормативтік ережелер, статистикалық ақпараттар және гранттарға түсу бойынша консультациялар беретін AI Talapker чат-боты бар. Сондай-ақ, ҰБТ тапсыру кезінде академиялық адалдықты арттыру үшін және тест тапсырмаларын әзірлеу үшін ЖИ енгізу жоспарланған», деді Н.Махатов.