Қазақстан • 25 Ақпан, 2025

Елімізде теңізшілерді даярлау қалай жүріп жатыр?

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Болашақ теңізшілер  2 университеттің жанындағы теңіз академиялары базасында даярлықтан өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде теңізшілерді даярлау қалай жүріп жатыр?

Фото: Теміржол және су көлігі комитеті

Олар – Қазақстан-Британ техникалық университеті (КБТУ) және Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің (КУТИ) жанындағы теңіз академиялары.

КБТУ 94 кадет (89-ы грантта) «Кеме жүргізу», «Кемелік энергетикалық қондырғыларды пайдалану / Кеме механикасы» мамандықтары бойынша білім алады.

КУТИ– 156 кадет (87-і грантта) - «Кеме жүргізу», «Кемелік энергетикалық қондырғыларды пайдалану», «Кеме электроқондырғылары мен автоматика құралдарын пайдалану», «Порттар мен көлік терминалдарының тиеу-түсіру жабдықтарын пайдалану» бағыттарында оқиды. Мамандарды даярлау 1978 жылғы «Теңізшілерді даярлау, дипломдау және вахталық қызмет атқару туралы халықаралық конвенциясына» (ПДНВ) сәйкес жүргізіледі.

Көлік министрлігіне қарасты теміржол және су көлігі комитетінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше 1 жыл бойы кадеттер Каспий теңізінде Қазмортрансфлот, Caspian Offshore Construction, P&O Maritime Logistics, AB Флот сынды кемелерде тәжірибе алады. Ал жыл сайын Қазақстан-Британ техникалық университетінің үздік кадеттері Эйндрахт желкенді кемесімен Атлант мұхитын кесіп өтеді.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35