Қылмыс • 26 Ақпан, 2025

Заңсыз кәсіптің зардабы ауыр

40 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысында қолдан жасалған спирттік ішімдік­терді тарату үдеп тұр. Жуыр­да полиция қызметкерлері Ақжар ауданында рейд­тік іс-шаралар жүргізу барысында 39 жастағы азамат жүргізіп келе жатқан «Mazda» көлігін тоқ­тат­қанда, оның ішінен 100 литр­дей заңсыз алкоголь тәр­­кіленді.

Заңсыз кәсіптің зардабы ауыр

Коллаждарды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Жүргізуші ішім­дік­тер­ді плас­­тикалық ыдыстар мен бө­тел­келерге бөліп құйып алған екен. Әрине, бұлардың бәрін­де акциздік маркалар жоқ бол­ғандықтан, оны қылмыстық жол­мен бір жерден қымқырып немесе арзанға сатып алғаны көрініп тұр. Заңсыз айналымға шы­ға­рылған алкогольдік өнім­дер тәркіленіп, жүр­гізуші әкім­шілік жауапкершілікке тартылды.

Алкогольдің заңсыз таралуымен күрес – «Заң және тәртіп» қағидатын іске асырудың және мас күйде жасалатын қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алудың маңызды бөлі­гі. Қаңтар айында солтүстік поли­цейлері бар­лығы 1 145,5 литр акцизсіз алкоголь тәркіледі.

Өткен жылдың аяғында алкогольге қарсы заңнаманың үнемі бұзылып отырғанын байқадық. Соның ішінде желтоқсан айында ғана учаскелік инспекторлар 95 адамды алкогольдік өнімдерді сатуда заң талаптарын бұзғаны үшін, ал 178 адамды оны жасырын түрде қолдан жасап сатқаны үшін әкімші­лік жауапкершілікке тартқан. Барлығы 6 мың тонна құрамында спирті бар алкогольдік өнім тәркіленген. Мысал үшін айтатын болсақ, Есіл ауданының бір ауылындағы жергілікті тұр­ғынның ауласынан «Участок» профилактикалық операциясы барысында құрамында спирті бар 497 литр сұйық өнім алынды. Оның 697 шишасы сыра, 29 бес литрлік пластикалық ыдысқа құйылғаны арақ деп көрсетілген. Заңды айналып кәсіпкерлік жасағаны үшін үй иесіне үлкен көлемде айыппұл салынды. Ал Петропавл қаласының 62 жастағы бір тұрғыны сауда үйлерінің бірінде ішкілікке бейім адамдарды көзімен бағып, оларға спиртке су қосылған «арақтарды» арзан сатып келген. Ұсталған кезде оның 5 литрлік пластикалық ыдыста спирті бол­ған. Сондай-ақ үйінде 15 литр, үйінің ауласындағы гаражында 213 литр спирті тығулы тұрған. Бұған да әкімшілік жолмен айыппұл салынды.

Облыстық ПД бастығының бірінші орынбасары, полковник Құрманғали Ысмағұлов учас­келік инспекторлармен кездес­кенде осы тараптағы жұмысты күшейтуді тапсырды.

«Алкогольдің заңсыз айналымы барлық қылмысты істер­дің бастамашысы болатыны, сон­дықтан оны сатудың тәр­тібі қатаң сақталуы керектігі ескертілді. Мысалы, ұрлық сияқты қылмыстар ашылғанда, оны жасаған адамдардың бәрі дерлік алдын ала спирттік ішім­діктер ішіп алатыны іс жү­зінде дәлелденіп отыр. Сон­дық­тан алкоголь айналымына қатаң бақылау – қылмыстың алдын алу деген сөз», деді Қ.Ысмағұлов.

 

Солтүстік Қазақстан облысы 

Соңғы жаңалықтар

Аталар дәстүріне адалдық

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:20

Жезді жәдігерлері

Көрме • Бүгін, 11:00

Елімізде 3 300 Жеңіс бар

Қоғам • Бүгін, 10:50

Құрметке лайық жандар

Инфографика • Бүгін, 10:30

Тарихи кездесу

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:50

Қызылжар қырандары

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:40

Ерікті болу – елдік іс

Архив • Бүгін, 09:30

Мәншүк есімі – АҚШ мұрағатында

Өшпес даңқ • Бүгін, 09:20

Бел жазбай жұмыс істеген балалар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:50

Ерлердің еңселі ескерткіші

Аймақтар • Бүгін, 08:45

Отыз жасында опат болған оғлан

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:40

Жеңіске ерекше үлес қосқан өңір

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Момышұлы ардақ тұтқан Мұхаметқұл

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:20

Аңдатпа

Аңдатпа • Бүгін, 08:15