Оқиға • 26 Ақпан, 2025

Цифрландыру арқылы қажетсіз құрылымдарды азайту қажет - Олжас Бектенов

80 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов Әділет министрлігінің қызметіндегі орынсыз шығындарды азайту қажеттігін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Цифрландыру арқылы қажетсіз құрылымдарды азайту қажет - Олжас Бектенов

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-Министр шығындарды оңтайландыру цифрлық технологияларды енгізу арқылы жүзеге асырылуы тиіс екенін баса айтты. Бұл тәсіл Министрлік жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған.

«Мен сіз атап өткен жаңа тәсілдерді толығымен қолдаймын. Цифрландыру арқылы артық шығындар мен қажетсіз құрылымдарды қысқарту қажет. Нәтижесінде, жалпы мемлекеттік аппараттың тиімділігі артады. Бұл барлық мемлекеттік органға қатысты», деді Олжас Бектенов.
Бұған дейін Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Үкімет отырысында «Цифрлық ассистент» енгізілсе, «Өндіріп алушы мен борышкердің жеке кабинетін» жетілдірілетінін мәлімдеген еді. Сонымен қатар, Қазақстан авторлық құқықтарды ұжымдық басқару саласын цифрландыруды жоспарлап отыр. ҚР Әділет министрлігі тегін заңгерлік кеңес беретін чат-ботты іске қосуды ұсынды.