Заң • 03 Наурыз, 2025

Темір жол өткелінде ереже бұзғандарды қатаң жазалау ұсынылады

46 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы»  АҚ темір жол бойында жұмыс істейтін қызметкерлер мен жалпы тұрғындардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында ереже бұзғандарға жауапкершілікті қатаңдатпақ, деп жазады Egemen.kz.

Темір жол өткелінде ереже бұзғандарды қатаң жазалау ұсынылады

Фото: sknews.kz

Осы мақсатта компания мемлекеттік органдарға өтініш жолдауды жоспарлап отыр. 

Өтініште қозғалыс қауіпсіздігін бұзуға, жол-көлік оқиғаларына, сондай-ақ белгіленбеген жерлерден темір жолдары арқылы өтуге, жол бойындағы жолақтарда мал жайғандарға әкімшілік-қылмыстық жауапкершілікті қатаңдату сұралады. 

ҚТЖ мәліметінше, осы жылдың қаңтар-ақпанында темір жол өткелінде 4 жол-көлік оқиғасы болған. 

«1 наурызда Атырау облысындағы Теңдік станциясының теміржол өткелінде жүк көлігі жүк пойызымен соқтығысты. Оқиғаға жүк көлігінің иесі себеп болғаны анықталды. Апат салдарынан локомотив бригадасының қызметкерлері зардап шегіп, локомотив пен 11 бос вагон рельстен шығып кетті», делінген компания хабарламасында. 

Ал былтыр теміржол өткелдерінде 26 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35