Оқиға • 05 Наурыз, 2025

Ертең 9 өңірде дабыл жүйесі іске қосылады

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6-7 наурызда еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығудың 2-ші кезеңі өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ертең 9 өңірде дабыл жүйесі іске қосылады

Фото: ua.depositphotos.com

Оқу-жаттығу жиынында су тасқыны кезеңінде атқарылуы тиіс іс-қимылдар пысықталып, құралдар дайындалады. 

Оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Қостанайда орналасады. Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы Астана қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында профилактикалық іс-шаралар өткізіледі.

Сондай-ақ, аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында еліміздің 9 өңірінде  6 наурыз сағат 11.00-де барлық дыбыстық электр дабылдары қосылады. 

Осыған орай Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды тыныштық сақтап, үрейге бой алдырмауға шақырды. 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35