
Бұл жігіт 2003–2008 жылдар аралығында Бітімгершілік миссиясы негізінде құрылған қазақстандық инженерлік-саперлік отрядтың құрамында Бағдат қаласының аумағын жарылғыш заттардан тазарту жұмыстарына қатысқан екен. Бірде қаланың бір мешітін тазарту барысында қиранды арасынан осы таспиықты тауып алып, мешіттің имамына береді. Екеуі ағылшын тілінде сөйлесіп, имам жігіттің мұсылман елдерінің бірі – Қазақстаннан келгенін анықтап, таспиықты елдеріңе апара ғой, сіздерге берген сыйлығым болсын деген екен. Сол таспиықты жігіт өзінде біраз ұстап, Ислам мәдениетінің тарихы музейі ашылғанда табыс етіпті. Сөйтіп, шамамен ХІХ ғасырда жасалған жәдігер Ислам мәдениетінің тарихы музейіне қойылған.
Қазір ол көрерменнің көзайымына айналып, музейдегі бағалы экспонаттар қатарынан орын алған. Экскурсия жүргізуші Алқатия Ахметбекова да ол туралы қызықты баяндайды. Өнерін Ислам жәдігерін жасауға арнаған белгісіз шебердің есіміне көрермендер тамаша туындысы үшін алғыс айтып, оны қызыға тамашалайды.
ПЕТРОПАВЛ