Оқиға • 06 Наурыз, 2025

«Көктем-2025» республикалық оқу-жаттығуы басталды

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2025 жылғы 6 наурызда еліміздің солтүстік, шығыс және орталық өңірлерінде «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуының 2-ші кезеңі басталды, деп хабарлайды Egemen.kz

«Көктем-2025» республикалық  оқу-жаттығуы басталды

Фото: ТЖМ

Оқу-жаттығудың тақырыбы «Су тасқыны кезеңі жағдайларындағы төтенше жағдайларды жою кезіндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау».

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқу-жаттығу азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесінің және халықтың көктем мезгілі жағдайында төтенше жағдайларды жоюға дайындығы мен қабілеттілігін арттыру, азаматтық қорғау қызметтері мен құралымдарының көктем кезеңдегі ТЖ-ға ден қоюға дайындығын тексеру мақсатында өткізіледі.

Айта кетейік, оқу үйлестіру және жетекшілік ету жөніндегі республикалық штаб Қостанайда орналасқан. Оқу-жаттығудың басшысы Төтенше жағдайлар вице-министрі Р.Ф. Камалов.

«Оқу-жаттығу шеңберінде екі күн бойы Астана қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарында ТЖ жою жөніндегі іс-қимылдарды пысықтау бойынша командалық-штабтық жаттығулар, авариялық-құтқару қызметтерімен және азаматтық қорғау құралымдарымен практикалық іс-қимылдар өткізіледі», делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35