Аймақтар • 06 Наурыз, 2025

Алматы облысындағы су басқан жол тазартылды

50 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін сағат 11: 00-де Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылы маңында сүзгі алқаптарының қорғаныс бөгеті бұзылған еді, деп жазады Egemen.kz.

Алматы облысындағы су басқан жол тазартылды

Салдарынан «Ұзынағаш ауылына кіреберіс» жолының 3-шақырымын су басып қалған. «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ тасқын судың ені 100 метр, биіктігі 5 см-ге жеткенін хабарлады. 

Төтенше жағдайдан соң суды бұру үшін жедел арық жүйесі жасалып, ағын өзенге бағытталып, жол жиегін нығайту және жолды тазарту жұмыстары жүргізілген. 

Осы істі атқаруға 10 адам және 5 техника жұмылдырылған. 

«ҚазАвтоЖол» сағат 13:30-да судың тасуы тоқтатылып, қозғалыс толық қалпына келтірілгенін мәлімдеді. Жол бұзылмаған. Ондағы қауіпсіздік компания тарапынан бақылауға алынған. 

 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35