Аймақтар • 07 Наурыз, 2025

Ауыл емханасы жаңғыртылды

70 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Халық саны 10 мыңнан асатын Шеңгелді ауылындағы амбулаторияның күрделі жөндеу жұмысы өткен жылдың сәуір айында басталған. Содан бері құрылыс қарқыны төмендемей, уақтылы аяқталуы тұрғындардың қуанышын еселеді.

Ауыл емханасы жаңғыртылды

«Мердігер компания «Дәулет-Серпін» ЖШС құрылыс жұмысын толығымен аяқ­тады. Күрделі жөндеу кезінде инженерлік желілері, шатыры, қазандығы, есік-терезе­лері түгелдей ауыстырылып, амбулатория­ның ауласы абаттандырылды. Сондай-ақ елімізде сирек кездесетін теңдессіз зертхана да осы жерде ашылады. Зама­науи құрылғы қысқа уақыт ішінде талдаулардың нәтижесін шығарып, науқастарға дер кезінде көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Бұған қоса, мұнда рентген аппараты іске қосылады. Күрделі жөндеуге дейін бір ғана корпус жұмыс істесе, енді екі корпус қосылып, жұмыс аясы кеңіді, халыққа қызмет көрсету сапасы айтарлықтай артты», дейді Қонаев қалалық көпсалалы аурухананың директоры Айман Рақышева.

Нысан бір ауысымда 100 адамды қа­был­дай алады, күндізгі ем алу бөлімі 10 адам­ға арналған. Мұнда жалпы практика дәрігерлері, педиатр, балалар тіс дәрігері, мейірбикелер мен кіші мейірбикелер қызмет етеді. Барлығы 18 маман, кадр тапшылығы жоқ.

Аналар мен балаларды қабылдауға да жағдай жасалған. Дәрігер-гинекологтер Қонаев қаласынан келіп, кестеге сай қыз­мет көрсетеді. Кабинеті заманауи жабдық­тармен қамтамасыз етілген, барлық қа­жетті құралдар бар. Шұғыл жағдай болса, науқастар бірден Қонаев қала­сына жөнелтіледі.

«Ауыл тұрғындары түгелге жуық жү­гі­нетін медициналық нысанның күрде­лі жөндеуден өткеніне қатты қуан­дық. Мекеменің талапқа сай болуы ауырып келген жанның еңсесін тіктеп, көңі­лін серпілтуге де себін тигізері сөзсіз. Ап­та сайын бақылаудан өтетін жүкті әйел­дерге де ыңғайлы, қолайлы. Ауылымыз­дағы әлеуметтің әлеуетін жақсартуға бағыт­талған жұмыстарды дер кезінде аяқтап бергені үшін құрылысшы мамандарға алғыстан басқа айтарымыз жоқ», дейді жергілікті тұрғын Назгүл Ергенқызы.

Бүгінде Шеңгелді ауылына қарасты Қосқұдық елді мекенінде фельдшерлік-акушерлік пункт, Сарыбұлақ пен Ақөзекте медпункт ауыл тұрғындарына тұрақты, сапалы медициналық қызмет көрсетеді.

 

Алматы облысы 

Соңғы жаңалықтар

Қайырымдылықтың сауабы мол

Қоғам • Бүгін, 11:30

Протездеудің шебері

Маман • Бүгін, 11:10

Керек дерек

Digital • Бүгін, 11:00

Қайта жаңартылған көпір

Аймақтар • Бүгін, 10:45

Абдолла ақын ұлықталды

Тағзым • Бүгін, 10:35

Қаламгердің көзілдірігі

Таным • Бүгін, 10:25

Өлең боп өмір кешкен

Руханият • Бүгін, 10:05

Алаш дәрігері

Тұлға • Бүгін, 09:55

Сенім һәм ұрпақ тәрбиесі

Пікір • Бүгін, 09:45

Нияз батыр

Зерде • Бүгін, 09:40

Қарақұрт қаптап кетті

Мәселе • Бүгін, 08:50

Туған жерге тірек болар жоба

Шаруашылық • Бүгін, 08:40

Ауадан бензин жасаған

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:30

Кездейсоқ жаңалық

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:20

Пойыздағы арпалыс

Театр • Бүгін, 08:15

Пайдалы пластик

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:03