Аймақтар • 12 Наурыз, 2025

Жетісу облысында жолды су шайып кетті

64 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысының Ақсу ауданында «Жансүгіров-Матай» автожолының 34-ші шақырымындағы темірбетон құбыры мен жол төсемінің бір бөлігі қирады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісу облысында жолды су шайып кетті

Фото: ТЖМ

ТЖМ апатқа  су өткелінің тозуы себеп болғанын мәлімдеді. 

Жолдың осы бөлігінде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылып, мамандар жедел жөндеуге кіріскен. 

Аймақтық ТЖД құбыр өткелін төсеп, топырақ толтырып, нығыздаған. 

Кейіннен аудандық  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Мадияр Нұрахметов жол бөлігі ашылып, қозғалыс қалпына келтірілгенін хабарлады. 

«Ақсу-Ойтоған ауылдарының арасындағы жол қалпына келтірілді. Қазіргі таңда арнайы белгілер қойылып, кезекшілік ұйымдастырылды. Жол ашық. Құрметті жолаушылар аталған жол учаскесінде жылдамдық ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз», деді Мадияр Нұрахметов.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35