
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарасты орман шаруашылықтарының қолдауымен колледж студенттері өз қолдарымен 1 000 құсқа ұя жасап, оларды білім беру мекемелерінің аумағына оқушылармен бірге орнатты. Осылайша, құстарға жаңа әрі қауіпсіз ұя салатын орындар жасалды.
«Taza Like» акциясы бір ай бойы жалғасып, Алматы облысының 9 ауданын қамтитын болады. Акцияның басты мақсаты – табиғатқа ұқыпты қарауды насихаттау, экологиялық мәдениетті дамыту, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
«Қоршаған ортаны қорғау, құстарға жанашырлық жасау сынды экологиялық сана балалық шақтан қалыптасады, табиғатқа қамқорлық – болашаққа жасалған инвестиция», дейді акцияны ұйымдастырушылар.
Алматы облысы