Ауа райы • 28 Наурыз, 2025

Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?

90 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін, 28 наурызда, еліміздің бірқатар өңірінде құбылмалы ауа райы сақталады. Синоптиктердің хабарлауынша, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнде жаңбыр жауып, кей жерлерде қар аралас жаңбыр күтіледі. Күндіз жаңбыр жауып, қатты жел соғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінгі ауа райы болжамы қандай?

Фото: Ашық дереккөз

Республикамыздың шығысында, оңтүстік шығысында, орталығында жел күшейіп, шығыста шаңды дауыл тұрады, батыста, оңтүстікте, оңтүстік шығыста тұман түседі.

Жетісу облысының Алакөл өңірінде солтүстік-шығыстан соққан дауылды жел 30 м/с жылдамдықпен ұйтқып, кей сәттерде одан да қатты үдей түсуі мүмкін. Ал оңтүстік пен батыста тұман түсіп, көру мүмкіндігін шектемек.

Астанада күн ала бұлтты, күндіз ауа температурасы +7,+9°C, желдің жылдамдығы 7-12 м/с.

Алматыда күн ала бұлтты, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +6+8°C, желдің жылдамдығы 3-8, кей уақытта екпіні 15 м/с-ге жетеді.

Шымкентте күндіз ауа температурасы +10+12°C, желдің жылдамдығы 5-10 м/с.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35