Аймақтар • 01 Сәуір, 2025

1205 түп ағаш екті

45 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көктем шыға айналаны күл-қо­қыс­тан тазартып, ағаш көшеттерін отырғызу жұ­мыс­тары қызу басталып кетті.

1205 түп ағаш екті

Табиғатты тазарту, экологиялық ахуал­ды жақсарту мақсатындағы игі бастамаға облыстың кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және абаттандыру басқармаларының қызметкерлері мен өңір кәсіпкерлері жұмыла атсалысты. Соның арқасында «Таза Қазақстан» экологиялық акция­сы аясында облыстың бірқатар кәсіп­орынның аумағында ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, қала аумағында 1205 түп ағаш отырғызылып, 50 тонна қоқыс шығарылды. Алатау қаласында орналасқан «ПепсиКо» ЖШС 870 түп ағаш, Қонаев қаласындағы «Юнипак-Шымкент» ЖШС 30 түп ағаш отырғызды. Іс-шараға «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасы да үлес қосты.

«Қала аумағына ағаш отырғызу – болашақ ұрпаққа жасыл әрі таза орта қалыптастырудың үлгісі. Бұл шара жергілікті тұрғындардың экологиялық сана-сезімін көтерумен қатар, жасыл желекпен көмкерілген қалаға деген сүйіспеншілікті арттыра түседі», дейді табиғат жанашырлары.

 

Алматы облысы

Соңғы жаңалықтар

ЖИ нарығы қалай дамып келеді?

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Аграрлы Арқа

Шаруашылық • Бүгін, 08:50

Көктем игілігі – көшет егу

Аймақтар • Бүгін, 08:40

Финтех дәуірі басталды

Digital • Бүгін, 08:35

Әсем киім жарасар...

Мәдениет • Бүгін, 08:30

Дәрігерге дән ризамын

Қоғам • Бүгін, 08:25

Олжасы мол ұлттық спорт

Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20

Жүрек қылын тербеген әуен

Өнер • Бүгін, 08:15