Аймақтар • 09 Сәуір, 2025

Павлодарда ауыл тұрғындары үшін ауызсу тарифі 30 %-ға арзандады

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Прокуратура қабылдаған бақылау шараларының нәтижесінде облыс бойынша 45 мың тұтынушы үшін су жеткізу тарифі төмендетілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда ауыл тұрғындары үшін ауызсу тарифі 30 %-ға арзандады

Павлодар облысының табиғат қорғау прокуратурасы су заңнамасының сақталуын талдады.

«Су кодексі ауыл тұрғындары үшін судың құнын төмендетуге бағытталған субсидиялау механизмін қарастырады.  Алайда, облыстың бірқатар ауылдық елді мекендерінде мәслихаттың шешімімен тек топтық су жеткізу жүйелерінен алынатын ауыз судың құны бекітілген. Ал жергілікті жүйелерден (бір елді мекеннің су құбыры) су жеткізу құны белгіленбеген. Бұл су жеткізуші кәсіпорындардың субсидия алуына кедергі жасады. Себебі субсидиялардың мөлшері мәслихатпен бекітілген текше метрлік су құнына негізделеді», деп хабарлады өңірлік табиғат қорғау прокуратурасынан.

Табиғат қорғау прокурорының наразылығымен мәслихаттың тек топтық жүйелерден алынатын ауыз судың құнын реттейтін шешімі жойылып, барлық су жеткізу көздерін қарастыратын жаңа нормативтік құқықтық акті қабылданды. Енді маслихаттың жаңа шешімі бойынша 1 м³ пайдаланылатын ауызсу үшін 185 теңге көлемінде төлемақы белгіленді. Бұл бұрынғы тарифтерден орташа 30%-ға төмен.

Облыс бойынша 45 мың тұтынушы үшін су тарифі арзандап отыр.