
Аталған іс-шаралар барысында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері – теологтар мен дінтанушылар аймақ тұрғындарымен кездесіп, бірқатар семинарлар мен ақпараттық кездесулер өткізді.
Іс-шаралардың басты мақсаты – қоғамда діни сауаттылықты арттырып, радикалды идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру болды
Онда Орал қаласының дін зерттеу орталығының бөлім басшысы Абдувахид Бабаханов, сарапшы-психолог Лола Шакимова, Астана қаласындағы Діндерді зерттеу орталығының теолог маманы Арман Нұрахметұлы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің аға оқытушысы, дінтанушы Ернар Абзалұлы дәріс оқыды.
Орал қаласы және Жаңақала, Бөрлі, Қаратөбе, Тасқала аудандарында өткен кездесулерге әртүрлі әлеуметтік топтар – мектеп оқушылары, колледж студенттері, ұстаздар, жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар мен әлеуметтік осал топ өкілдері қатысты.
Кездесулер барысында «Теріс идеологияға қарсы сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру», «Жастар арасында медиа сауаттылықты арттыру», «Деструктивтік діни ағымдардың таралуын алдын алу» сияқты өзекті тақырыптар қозғалды.