
Қазіргі таңда өсімдік шаруашылығымен облыс бойынша 40 шаруа қожалығы айналысуда.
Биылғы жылғы жоспар бойынша 32000 гектар егіс алқапқа дақылдар егілетін болады. Оның ішінде 22000 гектар бидай.
Облыстық бюджеттен 141 млн теңге қаражат бөлінді. Оның 121 млн теңгесі тыңайтқыштарға, қалғаны тұқымға бөлінген.
Дизель отынмен қамтамасыз ету бағдарламасы бар. Бағдарлама аясында биылғы облыстың кестесіне сәйкес 360 тонна дизель отыны бөлінді. Литрі 254 теңге болып бекітілді.
«Егіс жұмыстары сәуір айының соңы мен мамыр айының басында басталады. Дизель отынымен осы айдың 20-на дейін қамтамасыз етіледі. Бұл науқанға 70-ке жуық трактор, комбаин, 150-ге жуық адам тартылады деп жоспарланып отыр», дейді облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының бөлім бастығы Мұқағали Рамазан.