Кітаптың авторлары сарапшылар, ғалымдар, тіл мамандары – Айбарша Қажыәкпар, Гүлшат Түсіпова, Назгүл Қожабек және Дәметкен Абдулаева.
«Бұл ғылыми еңбекте академиялық мәтін жазу негіздері жан-жақты зерттелген. Тақырыпты түсінуден, ойлаудан және әдебиетті таңдаудан бастап академиялық стильге тән сөзжасам ерекшеліктеріне дейінгі бүкіл процеске егжей-тегжейлі шолу жасалған.
«Бұл кітап Қазақстанның барлық жоғарғы оқу орындарына тегін таратылады және біздің сайтта электронды нұсқасы бар», - деді «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқармасының төрағасы Нұрбек Матжани Орталық коммуникациялар қызметінің подкастында.
Сонымен қатар, ҚҚДИ ағылшын тілінде беделді ғылыми журналдарда жарық көрген ғылыми мақалаларды қазақ тіліне аударып, KIPD Bulletin журналын шығарады.
«Бүгінгі күнге дейін 6-7 саны шықты. Бұл жерде отбасы мәселелері де, жасанды интеллекті де, музей, кітапхана, театрларға да байланысты зерттеулер бар. Бұл қазақ тілді ғылыми ортаның әлемдегі озық ойлы зерттеу жұмыстарына қол жеткізу», - деді спикер.