Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан түрлі жарақат алған төрт жаяу жүргінші медициналық мекемеге жеткізілді.
Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, жол апаты 1-шағын ауданда болған, зардап шеккендердің екеуі – кәмелетке толмаған.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.