
Министр өз сөзінде өзара тәжірибе алмасу және сала мамандарының біліктілігін арттыру үшін өңірлік форумдар, семинарлар, тренингтер, шеберлік кластарын, баспасөз турларын өткізудің маңыздылығын жеткізді. Соған орай төмендегі бастамаларды талқылауға ұсынды:
- Елдердің ғылыми және білім беру әлеуетін біріктіре отырып, Орталық Азия журналистика академиясын құру;
- Жастардың дарынды өкілдері үшін шығармашылық орталығы болуды көздейтін Орталық Азия креативті хабын құру;
- Үздік жұмыстарды атап өтуге және лайықты журналистер мен контентмейкерлердің еңбегін тануға мүмкіндік беретін журналистика саласындағы Орталық Азия сыйлығын тағайындау;
- «Біздің адамдар» тележобасын іске қосу, ол арқылы біз бір-бірімізге қоғамымыздың ең лайықты өкілдері, тұратын еліне және қарым-қатынас тіліне қарамастан, жастарды шабыттандыратын және оларға өнеге болатын тұлғалар туралы әңгімелейміз;
- «Наурызға» арналған телекөпір ұйымдастыру, бұл біздің елдерімізге осы ортақ мереке күндері біріге түсуге мүмкіндік береді;
- Бауырлас елдеріміздің телеарналары үшін телеөнімдерді қолжетімді ету, сериалдар және өзге де өнімдер үшін ең төменгі төлемді белгілеу немесе оны мүлдем алып тастау;
- Бірлескен туризм мен инвестицияны танымал етуге бағытталған бірлескен контенттің көлемін ұлғайту;
- Осы жылдың күзінде «Мипком» (MIPCOM) телеөнімдерінің ең танымал көрмесінде «Central Asia» брендімен бірыңғай алаң ұсыну;
- Телеарналар Орталық Азия елдеріндегі әріптестерінің өтінімдері бойынша түсірілімдерді өтеусіз негізде жүзеге асыратын алаң құру, бұл шетелдік тілшілер пункттерін ұстауға арналған шығыстарды азайтуға мүмкіндік береді.