
Фотолар: Жоғарғы Сот
Сот жүйесін цифрландыруды дамытудың негізгі аспектілерін талқылауға Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров пен Astana Hub бас директоры Мағжан Мәдиевте қатысты.
Кездесуде Жоғарғы Сот Төрағасы елімізде қолжеткізілген айтарлықтай жетістіктерді атап өтті: электронды сот ісін жүргізу жүйесі жұмыс істейді, цифрлық көмекшілер, жасанды интеллект (ЖИ) алгоритмдері, күнделікті процестерді автоматтандыру енгізілген, бұл судьялардың жұмысын едәуір жеңілдетеді.
Министр мен Astana Hub бас директорының назары сөйлеуді тану функцияларын, ЖИ алгоритмдерін және мамандандырылған онлайн платформасын қамтитын интернет-соттың әзірленген және сәтті сынақтан өткен прототипіне түсті. Министрдің айтуынша, бұл модель электронды сот залдарының жаңа буынын құру және сот төрелігін одан әрі цифрландыру жолындағы маңызды қадам болып табылады.
Талқылауда тек инфрақұрылымды жаңартуға ғана емес, сонымен қатар сот төрелігін жүзеге асыру тәсілдерін қайта қарауға – ашықтыққа, істерді қарау жылдамдығына және заманауи ЖИ шешімдердің арқасында сот процестерінің сапасын арттыруға баса назар аударылды.
Министр жобаны дамытудың қазіргі кезеңінде қолдауға дайын екенін айтып, Президенттің тапсырмасы бойынша озық ЖИ шешімдерін енгізудің халықаралық алаңы ретінде құрылған Alem.AI орталығы пилоттық жобаны жүзеге асырудың бастапқы нүктесі бола алатынын және отандық ЖИ әзірлемелерінің әлеуетін жаһандық әлемге таныта алатынын атап өтті. Толық жұмыс істейтін жаңа буын сот залын орналастыру үшін балама орынды қарастырудың орындылығы да атап өтілді.
А.Мерғалиев, әсіресе, сот процестерінің тиімділігі мен жеделділігіне қоғам тарапынан қойылатын жаңа міндеттер мен талаптарды ескере отырып, бұл бағытты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.
М.Мәдиев сот жүйесінің цифрлық трансформациясын неғұрлым қолжетімді, ашық және әділ сот төрелігіне жасалған қадам деп атады.
Тараптар алдағы күзде жаңа платформаның көрсетілімін және сот жүйесінің негізгі ЖИ өнімдерінің таныстырылымын өткізуге келісті.
Жасанды интеллект пен ақпараттық технологиялардың дамуы өмірдің негізгі салаларын, соның ішінде сот төрелігін өзгертуге қуатты серпін береді. Сот практикасында ЖИ-ті қолдану жаңа шындыққа айналып жатыр, онда автоматтандыру, цифрлық көмекшілер мен онлайн платформалар заманауи, тиімді сот төрелігінің ажырамас құралдарына айналып жатыр.