
Фото: Ерлан Омар
Аудандық прокуратураның мәліметінше, балабақша басшылығы жан басына шаққандағы қаржыландыру аясында екі жыл бойы мемлекеттен заңсыз түрде қаржы алып келген. Олар шын мәнінде балабақшаға келмеген балалар туралы жалған мәліметтер енгізу арқылы 45,2 миллион теңге бюджет қаражатын иемденген.
Аталған құқықбұзушылық 2025 жылғы 11 наурызда аудан прокуратурасының Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен тіркелген. Бұл бапқа сәйкес, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемдену немесе жұмсау әрекеті қарастырылады.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Департаментіне тергеуге берілген.