Қоғам • 18 Сәуір, 2025

Министрліктер жаңа жұмыс кестесіне көше бастады

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің жұмыс уақыты өзгерді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Министрліктер жаңа жұмыс кестесіне көше бастады

Министрлік 2025 жылғы 18 сәуірден бастап жұмыс уақыты сағат 08:00–ден 17:30–ға дейін өзгеретіндігін хабарлады.

— ҚР Еңбек кодексінің 46-бабына сәйкес Экология және табиғи ресурстар министрлігінде, оның ведомстволары мен олардың аумақтық құрылымдарында жұмыс уақытының режимі өзгергені туралы хабарлаймыз. Сағат 13.00-14.30 арасында демалысқа және тамақтануға үзіліс беріледі, жұмыс күні сағат 08.00-де басталып, сағат 17.30-да аяқталады. Осыған байланысты, барлық қызмет көрсетушілерді жаңартылған жұмыс кестесіне көшуге және қабылдауды жаңа графикке сәйкес қатаң түрде жүргізуге шақырамыз, — делінген ведомство таратқан ақпаратта.