Спорт • 21 Сәуір, 2025

Республикалық спартакиада жеңімпаздары анықталды

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласында техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері арасында «Еңбек кубогі» спартакиадасы өз мәресіне жетті, деп жазады Egemen.kz.

Республикалық спартакиада жеңімпаздары анықталды

Бес күн бойғы бәсекеде еліміздің 20 өңірінің колледждерінен келген 2 мыңға жуық жас баскетбол, шағын футбол, тоғызқұмалақ, шахмат, үстел теннисі және волейбол сынды спорт түрлерінен бақ сынасты. Жарыс қорытындыланған марапаттау рәсімінде Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Ғарифуллаұлы мен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев құттықтау сөз сөйледі. «Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында алғаш рет ұйымдастырылған «Еңбек кубогі» республикалық спартакиадасының Түркістанда өткізілуі – жастарымызды тек спорттық сайысқа емес, елжандылыққа, рухани тәрбие мен тарихқа тағзым етуге бастайтын маңызды қадам», деді Әсет Ғарифуллаұлы.

вв

Жалпы командалық есеп нәтижесінде, Маңғыстау облысының студенттері үшінші, Қарағанды облысы екінші орынды иеленді. Ал Алматы қаласының жастары жеңімпаз деп танылды. Спорттың барлық түрінен үздік өнер көрсеткен алматылық командаға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев кубокты табыс етті. Сондай-ақ демеушілік көрсеткен бірқатар кәсіпорын үздік деп танылған студенттерге ақшалай сыйақы, жұмысқа қабылдау жолдамасын берді.

Айта кетейік, 2026 жылы «Еңбек кубогі» жалғасын тауып, Алматы қаласында өткізіледі.

шш