
Фото: ortcom.kz
Өткен жылы Қазақстанға жұмыс бабымен немесе тұрақты тұруға келгендерді есептемегенде, турист болып 15,3 млн шетелдік қонақ келген. Оның ішінде 10,4 млн адам елімізде бір күннен көп уақытқа қалып, шетелдік туристер санатына енген. Ресми статистикаға сай шетелдік меймандардың елімізде орташа болу мерзімі - 4 күн.
Санамаласақ, 2024 жылы Қазақстанға Қытайдан 655 мың, Үндістаннан 146 мың, Түркиядан 130 мың адам саяхаттаған.
2024 жылы елімізге 92 мың германиялық турист келген. Олар Қазақстанның этнотуризм, табиғи және мәдени нысандарына ерекше қызығушылық танытқан.
Ал Оңтүстік Кореядан 40 мыңға жуық турист елімізде болған. Министрлік аталған елдерден туристердің көп келуін екі ел арасында визасыз режимнің енгізіліп, әуе қатынастарының артқанымен байланыстырып отыр.