 
                                        Осы орайда тағы бір жерлесімізді елге таныстырудың сәті түсіп отыр. Біраз жылдан бері әйгілі қаладан өз орнын тапқан Дамира Батырханқызы Жанатова Нью-Йорк адвокаттар алқасы құрамына енген алғашқы қазақ қызы екенін атап айтқан жөн.
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін үздік бітіріп, БҰҰ-да еңбек жолын шыңдаған отандасымыздың аталған мәртебеге көтерілуі заңгерлік істе дара шығуының нәтижесі. «Талаптыға нұр жауар» деген осы. Жаңаарқаның кешегі түлегі, Нью-Йорктің бүгінгі белді заңгері.
Айқын НЕСІПБАЙ
АЛМАТЫ
 
                             
                                 
                             
                                             
             
             
             
             
             
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
                                                 
             
                 
                 
                 
                 
                 
                 
                