
Фото: Видеодан алынған кадр
Оқиғаның бейнежазбасын такси жүргізушісі әрі блогер Влад Кравчук өзінің TikTok парақшасында жариялаған. Бейнежазбада Кравчук жолаушылардан көлік салонында шылым шекпеуін сұраған. Алайда бұл өтініштен кейін олардың бірі агрессиялық мінез көрсетіп, жүргізушіні балағаттап, кейінірек оның басынан ұрып жіберген.
Қалалық полиция департаменті аталған оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
«Медеу аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің тиісті бабы бойынша іс қозғап, сот-медициналық сараптама тағайындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.
Айта кетейік, қазіргі таңда жүргізушіге қол көтерген күдікті іздестіріліп жатыр.