Қоғам • 22 Сәуір, 2025

ERG компаниясы сатылмайды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ел ішінде америкалық кәсіпкер Джеймс Кэмеронның Қазақстан үкіметінің 40% үлесі бар Eurasian Resources Group (ERG) компаниясын 5 миллиард долларға сатып алғысы келетіні жөнінде хабар тарады. Алайда компания басшылығы ақпараттың жалған екенін мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

ERG компаниясы сатылмайды

Фото: inbusiness.kz

Бұл туралы  Eurasian Resources Group (ERG) директорлар кеңесінің төрағасы және бас атқарушы директоры Шухрат Ибрагимов ресми түсініктеме берді.

Оның айтуынша, ERG компаниясын сату бойынша ешқандай келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ. Керісінше, топ басшылығы бизнесінің орнықты әрі дәйекті дамуына толықтай бейілді екенін растады. Қалыптасқан бизнес жүргізу тәсілінде ешқандай өзгеріс жоқ.

«2024 жылдың соңында ERG директорлар кеңесі компанияны одан әрі дамытуға, кәсіпорындарына инвестиция салуға бағытталған жаңа стратегияны қабылдаған. Қазіргі уақытта компания осы стратегияны іске асырумен белсенді айналысып жатыр», деп жазылған хабарламада.