Мектеп • 23 Сәуір, 2025

180 мың оқушы бір мезетте Абай шығармаларын оқыды

60 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абайдың өлеңдері мен қарасөздерін бір мезетте тебірене оқығандар – Ақтөбе облысының мектеп оқушылары, деп жазады Egemen.kz.

180 мың оқушы бір мезетте Абай шығармаларын оқыды

Фото: syrboyi.kz

Облыс мектептерінен 180 мыңнан астам оқушы қатысқан «Абайды оқы, таңырқа!» атты бірыңғай оқу сағаты – жас буынның дамуына серпін беруді көздеді. Оған бастауыш, орта, жоғары буын оқушылары қатысып, өздерінің жас мөлшеріне сәйкестеу арнайы ұсынылған ұлы ойшылдың шығармаларын оқыды.

Ақтөбе облысы әкімдігінің мәліметінше таңертен сағат 10:00-де өңірдегі 433 мектептің барлығында поэтикалық оқулар, театрландырылған қойылымдар, әдеби композициялар ұйымдастырылған.

Соңғы жаңалықтар

Бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 10:42

Арандатудан сақ болған жөн

Пікір • Бүгін, 09:40

Жаңа жоба – қоғам талқысында

Реформа • Бүгін, 09:20

«Е-АӨК» платформасы іске қосылады

Шаруашылық • Бүгін, 08:58