
Фото: видеодан алынған кадр
Жамбыл облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті Департаменті қызметкерінің бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде таралған бейнежолдауларға қатысты Бас прокуратура тексеруді бастаған.
«Бас Прокурордың тапсырмасы бойынша айтылған уәждерді тексеру үшін Жамбыл облысына Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаменті мен тиісті құрылымдық бөлімшесінің қызметкерлері, сондай-ақ Комитет Төрағасының орынбасары кіретін жұмыс тобы жіберілді», делінген хабарламада.
Ал өңірдегі мекеме 22 сәуір күні департамент қызметкерінің уәжі расталмағанын хабарлаған.
«Ішкі қауіпсіздік басқармасы бейінді бөлімшемен бірлесіп, арызданушының уәждеріне қатысты тексеру жүргізді, нәтижесінде айтылған фактілер расталмады», делінген Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің хабарламасында.