
Бұл туралы Солтүстікатлантикалық альянстың Бас хатшысы Марк Рютте Вашингтонда АҚШ Президенті Дональд Трамппен өткізген келіссөздерден кейін мәлімдеді.
The New York Times басылымының айтуынша, Марк Рютте Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге АҚШ қатыспай қалмайды деп есептейді.
Сондай-ақ Альянс басшысы Дональд Трамптың «Ресей бейбітшілікке ұмтылып отыр» деген пікіріне қатысты нақты баға беру қиын екенін жеткізді.
«Қазіргі сәтте Украина тарапы диалогқа дайын екенін көрсетіп отыр. Ендігі кезек Ресей жағында екені анық», деді НАТО бас хатшысы.
Бұған дейін Рютте Ресейдің ғарыш кеңістігінде ядролық қару орналастыру мүмкіндігіне қатысты алаңдаушылық білдірген еді.