Тағайындау • 25 Сәуір, 2025

Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды

40 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының өкімдерімен Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды

Фото: gov.kz

Тимур Мифтахұлы Жантикин Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Тимур Мифтахұлы Жантикин 1954 жылы Алматы қаласында туған. 

1976 жылы Новосибирск мемлекеттік университетін физика және қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірген. Физика-математика ғылымдарының кандидаты (1987).

Еңбек жолы: 1976-1992 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Ядролық физика институтында аға лаборант, инженер, кіші, аға ғылыми қызметкер, 1992-1995 жылдары ҚР Атом энергиясы агенттігінің бөлім бастығы, бас директорының орынбасары, 1995-1999 жылдары ҚР Ғылым министрлігі мен Ғылым академиясы жанындағы Атом энергиясы агенттігінің бас директоры, 1999 жылы ҚР Атом энергиясы жөніндегі комитетінің (Ғылым және жоғары білім министрлігі, 1999 жылғы қазаннан — ЭИСМ, 2000 жылғы желтоқсанна ЭМ) төрағасы, 2010-2012 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитетінің төрағасы, 2012-2013 жылдары ҚР Атом энергиясы агенттігінің төрағасы, 2013-2014 жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Атом энергиясы комитеті төрағасының орынбасары, 2014-2016 жылдары ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті төрағасының орынбасары болып қызмет атқарған. 2016 жылдан «Қазақстандық атом электр станциялары» АҚ бас директоры қызметін атқарған.

Әсет Кеңесбекұлы Махамбетов Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

 Әсет Кеңесбекұлы Махамбетов 1991 жылы туған.

2014 жылы Пенсильвания мемлекеттік университетін (The Pennsylvania State University), АҚШ, Ядролық инженерия (Nuclear Engineering) мамандығы бойынша бітірген.

2012 жылдан 2014 жылға дейін – Пенсильвания мемлекеттік университетінің (The Pennsylvania State University) тағылымдамадан өтушісі, реактор операторы, реактордың аға операторы, Breazeale Ядролық зерттеу реакторы, «Radiation Science and Engineering Center» орталығы, АҚШ.

2015 жылдың наурызынан маусымына дейін – Зерттеушінің ассистенті, «National Laboratory Astana» Жеке Мекемесі, Назарбаев Университеті, Астана қ.

2015 жылғы маусымнан 2020 жылғы ақпанға дейін – Ядролық-отын циклі жобалары департаментінің менеджері, Атом энергетикасы жобалары департаментінің Ядролық технологиялар жөніндегі талдау бөлімінің басшысы, Ядролық-отын циклі және атом энергетикасы жобалары талдау басқармасының басшысы, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ.

2020 жылғы наурыздан тамызға дейін – Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары.

2021 жылғы қарашадан 2023 жылғы сәуірге дейін – «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС-нің Консультанты, Жобаны басқару жөніндегі бас менеджері, Атом энергетикасы бөлімінің басшысы.

2023 жылғы сәуірден 2024 жылғы мамырға дейін – Мұнай-газ, тау-кен және энергетикалық активтер департаментінің аға менеджері, Энергетикалық және тау-кен активтері департаментінің Тау-кен активтері секторының басшысы, «Самұрық-Қазына» АҚ.

2024 жылғы мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЯОЦ жөніндегі басқарушы директоры.

2019 жылдың желтоқсан айынан бастап президенттік Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. 2024 жылғы 22 тамызынан Үлбі металлургиялық зауыты акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің мүшесі қызметін атқарған.