
Фото: Спорты дамыту дирекциясы
Спортшы жарыстың алғашқы айналымдарында жақсы нәтиже көрсетіп, жартылай финалға дейін жетті. Алайда ол бұл кезеңде жеңіліп, қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алды. Үшінші орын үшін белдесуде Нұрәділ Әлжан тәжік балуаны Мұхаммадсалех Куватовпен кездесті. Тартысты өткен жекпе-жек қосымша уақытқа (golden score) ұласып, нәтижесінде Қазақстан дзюдошысы қарсыласына есе жіберіп, жарысты бесінші орынмен аяқтады.
Айта кетейік, бұл құрлықтық додаға 30-дан астам елдің дзюдошылары қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы жарысқа толық құраммен аттанған.