
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіге бүгін: «Үш күннен бері тәулік бойы жұмыс істеп жатырмыз. Тепличныйдағы қорғаныс бөгетін нығайту барысы жеке бақылауымда. Бөгетке барлық қажетті техника жұмылдырылған, шатырлар тігілген, тамақтану ұйымдастырылған.
Жұмысқа 1,6 мыңға дейін адам тартылған — бұл кәсіпорындар мен ұйымдардың қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, әскери қызметшілер және құтқарушылар. Біздің аудандар да көмек көрсетуде. Көршілес өңірлерден құтқарушы бригадалар келді. Осы күнге дейін 90 мың қап төселді.
Су толтырылған бөгет орнатылды. Бөгет астынан су ағуын болдырмау үшін сүңгуірлерді де тартып жатырмыз. Халықпен кездесіп, барлық қиындықтарға қарамастан тәулік бойы еңбек етіп жүрген азаматтарға шынайы алғысымды білдірдім», деп жазды.
Қазір тасқынмен күрес жалғасуда.
ПЕТРОПАВЛ