Спорт • 28 Сәуір, 2025

Қазақстан дзюдошылары Оңтүстік Кореяға есе жіберді

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Таиланд астанасы Бангкокте дзюдодан Азия чемпионаты мәресіне жетті. Сайыстың соңғы күнінде ел құрамасы командалық сайыста оңтүстіккореялық дзюдошыларға қарсы қола жүлдені сарапқа салды, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан дзюдошылары Оңтүстік Кореяға есе жіберді

Фото: ТСМ Спортты дамыту дирекциясы

Отандық спортшыларымыз қола жүлде үшін белдесуде Оңтүстік Кореямен таласып, нәтижесінде 0:4 есебімен жеңілді. 

Сары құрлық додасында Қазақстан сапынан жеке сайыста Ғалия Тынбаева (48 келі), Шерзод Давлатов (60 келі), Бақыт Құсақбаева (57 келі), Мейірлан Максим (90 келі) қола жүлде алып, жарысты қорытындылады.