
Кездесу барысында саяси диалогтерді нығайту, сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, көліктік өзара байланысты дамыту, сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлермен бірлесе күресу, сондай-ақ өңірдегі орнықты даму мен экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне басты назар аударылды. Орталық Азияның Қытаймен өзара сыйластық пен теңдік қағидаттарында көпжақты өзара іс-қимылының архитектурасын жақсарту жөніндегі ұсыныстар талқыланды.
Қазақстан Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу сөз алғанда өңірдегі тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін шешуші салалардағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту қажеттігіне назар аудара отырып, «Орталық Азия – Қытай» көпжақты форматын нығайтудың маңызын атап өтті.
«Форматымыздың «Орталық Азия +» тетіктері арасында флагманға айналуы, ал көшбасшылардың алдағы кездесуі мәңгілік достық пен өркендеудің жаңа кезеңіне қадам басу үшін барлық жағдай жасалып жатыр», деді М.Нұртілеу.
Отырысқа қатысушылар қазіргі жаһандық жағдайда сындарлы диалогтерді жалғастырудың, безбенделген байланыстарды дамыту мен басым бағыттар бойынша күш-жігерді үйлестірудің маңыздылығына назар аударып, осы форматтағы тұрақты кездесулерге дайын екенін білдірді.
Жабық форматтағы кездесу соңында Сыртқы істер министрлері Ақпараттық коммюникені қабылдады, онда «Орталық Азия – Қытай» форматы шеңберінде тату көршілік, орнықты даму және көпжақты өзара іс-қимылды тереңдету қағидаттарына ортақ міндеттеме бекітілген.
АЛМАТЫ