
Фото: Polisia.kz
«Біздің жұмыс тек тәртіпті бақылау ғана емес, азаматтардың өмірден түңіліп кетпей, қоғамға қайта сіңісіп кетуіне көмектесу. Кәсіп ашуға, жұмысқа орналасуға, медициналық көмек пен заңгерлік кеңес алуға мүмкіндік жасау» дейді Жезқазған қалалық пробация қызметінің бастығы Г.Балмамедов.
Жиын барысында жазасын өтеушілерге қысқа мерзімді оқу курстары, қайтарымсыз гранттар, облыс әкімінің квотасы арқылы тұрақты жұмысқа орналасу жолдары түсіндірілді.
Облыстық еңбек мобильділігі орталығының директоры Айдар Қойшыбаевтың айтуынша жазалылар қылмысын қайталамас үшін және түрмеге түспес үшін жұмыспен қамтуға қарекет жасалып, мамандығы болмаған жағдайда қысқа мерзімді кәсіптік оқуларға жіберіледі. Әлеуметтік осал топтағы жандарға 1,5 млн. теңгені құрайтын қайтарымсыз грант бар. Бұған мүгедектігі бар, аз қамтылған отбасы, көп балалалы ана, әке, ерекше бала тәрбиелеп отырған кісілер қатыса алады.
Жиында прокуратура өкілдері пробация қызметі Жұмыспен қамту орталығымен бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін және жасалған жұмыс қорытындысын ресми статистикамен нақты көрсетуді ұсынды.
Ұлытау облысы