Спорт • 29 Сәуір, 2025

Семсерлесуден ел чемпиондары анықталды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда семсерлесуден Қазақстан чемпионаты аяқталды. Ұлттық олимпиада комитеті ел біріншілігінің жеңімпаздарын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Семсерлесуден ел чемпиондары анықталды

Фото: olympic.kz

Турнирдің соңғы медальдары семсермен айқасуда сарапқа салынды.

Ерлер арасында Шығыс Қазақстан облысының спортшысы Вадим Шарлаимов ел біріншілігінің жеңімпазы атанды. Күміс жүлдені Шымкенттің намысын қорғаған Эльмир Әлімжанов еншіледі. Қола медальдар шымкенттік Ғабиден Мұстафин мен астаналық Александр Федотовқа бұйырды.

Әйелдер арасындағы жарыста жүлде алматылықтардың қанжығасында кетті. София Николайчук жеңістің бірінші тұғырынан көрінсе, күміс жүлдені Полина Лисовская еншіледі. София Актаева мен Ульяна Писцова үшінші орынға тұрақтады. 

Ал жалпы командалық есепте Алматы құрамасы үздік болды. Екінші орынға - Шымкент, үшінші орынға - Қарағанды облысының спортшылары жайғасты.